Сыртқы істер министрлігі жасап шығарған «SmartTravelKZ» тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп, жәрдемдесуді көздейді.
«Мобильді қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратты, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шараларды, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды», деді Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»